Жиі қойылатын сұрақтар

АИТВ-қа байланысты стигма дегеніміз не?

АИТВ-қа байланысты стигма – АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға деген теріс және алдын ала көзқарас (стереотиптер, алалаушылық, мифтер). Бұндай стигма сонымен қатар тестілеу деңгейін де төмендетеді. Мысалы, адам тестілеудің нәтижесі оң болып шықса, туыстары мен достары одан бас тартады, оны жаман немесе лас адам деп санайды және оқу орнынан немесе жұмысынан айырылып қалуы мүмкін деп қорқып, тестілеуден бас тартуы мүмкін.

 

АИТВ-қа байланысты стигма дегеніміз не?

АИТВ-қа байланысты стигма – АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға деген теріс және алдын ала көзқарас (стереотиптер, алалаушылық, мифтер). Бұндай стигма сонымен қатар тестілеу деңгейін де төмендетеді. Мысалы, адам тестілеудің нәтижесі оң болып шықса, туыстары мен достары одан бас тартады, оны жаман немесе лас адам деп санайды және оқу орнынан немесе жұмысынан айырылып қалуы мүмкін деп қорқып, тестілеуден бас тартуы мүмкін.

 

АИТВ деген не?

АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусының аббревиатурасы, иммундық жүйеге шабуыл жасайтын және иммундық тапшылыққа әкелетін вирус. АИТВ адам ағзасында ғана өмір сүреді және көбейеді. Вирус қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы, стерильді емес медициналық құралдарды қолдану, АИТВ бар қан мен оның компоненттерін құю, босану кезінде және емізу арқылы беріледі.

 

АИТВ-қа байланысты кемсіту (стигма) деген не?

АИТВ-қа байланысты стигма – АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға деген теріс және алдын ала көзқарас (стереотиптер, алдын ала пікірлер, мифтер). Мысалдар:

  • Адамдардың белгілі бір тобы ғана АИТВ жұқтыруы мүмкін деген сенім
  • АИТВ-ның алдын алу немесе АИТВ-қа тестілеу жүргізетін адамдар туралы моральдық пайымдаулар жасау.
  • Адамдар өз таңдауы бойынша АИТВ-ға лайық деген сезім.

 

Дискриминация деген не?

Егер стигма көзқарастарға немесе нанымдарға қатысты болса, дискриминация (кемсітушілік) — бұл көзқарастар немесе сенімдерден туындайтын мінез-құлық. АИҚВ-қа байланысты кемсіту – бұл АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға АИТВ жоқ адамдардан басқаша қарау.

Кейбір мысалдар:

  • Медицина қызметкері АИТВ-мен өмір сүретін адамға күтім жасау немесе қызмет көрсетуден бас тартуы
  • АИТВ-мен өмір сүретін адаммен кездейсоқ қарым-қатынастан аулақ болу
  • АИТВ-жұқтырған адамдарды әлеуметтік оқшаулау
  • АИТВ бар адамдарды қорлау (буллинг)

 

Краудсорсинг деген не?

Краудсорсинг (ағыл. crowdsourcing, crowd — «тобыр» и sourcing — «ресурстарды қолдану») — бұл белгілі бір мәселелерді шешу үшін көп адамдардың ресурстарын ерікті негізде жұмылдыру.

 

Краудсорсинг деген не?

Краудсорсинг (ағыл. crowdsourcing, crowd — «тобыр» и sourcing — «ресурстарды қолдану») — бұл белгілі бір мәселелерді шешу үшін көп адамдардың ресурстарын ерікті негізде жұмылдыру.

]

Осы байқауға жіберілген материалымды жариялай аламын ба, әлде әлеуметтік желілерде бөлісе аламын ба?

Сіздің өтініміңіз ғылыми зерттеулерде АИТВ стигмасын азайту жаттығуларының бөлігі ретінде пайдаланылуы мүмкін және біз сізден зерттеудің соңына дейін материалдарыңызды бөліспеуіңізді сұраймыз (бұл 12 айға дейін созылуы мүмкін). Дегенмен, зерттеуді аяқтағаннан кейін сіз өз материалдарыңызды жариялай аласыз немесе оларды әлеуметтік желілерде бөлісе аласыз. Ұйымдастырушылар жұмысыңызды қашан бөлісе алатыныңызды хабарлайды.

 

АИТВ-қа тест қай жерде тапсыра аламын?

Сіз өзіңіздің жергілікті ЖИТС орталығында және кез келген емханада АИТВ-қа тестті тегін тапсыра аласыз. Сондай-ақ кейбір жеке медициналық клиникаларда да АИТВ-қа тест тапсыруға болады.

 

АИТВ-қа өзін-өзі тестілеу деген не? 

АИТВ-қа өзін-өзі тестілеу — бұл адам талдау үшін өзінен үлгі алатын процедура (қызыл иек төнерегіндегі сұйықтық немесе қан), содан кейін АИТВ сынамасын жүргізеді және нәтижені көреді. Нәтиже оң болса, диагнозды растау немесе жоққа шығару үшін адам мамандандырылған мекемеде қайтадан тест тапсыруы қажет. Егер нәтиже теріс болса, басқа ештеңе істеудің қажеті жоқ. Бірақ егер адам жақында вируспен байланыста болуы мүмкін болса немесе үнемі АИТВ жұқтыру қаупі жоғары болса, біраз уақыттан кейін тестті қайта тапсырған дұрыс.

 

Байқауға бірнеше материал ұсына аламын ба?

Иә, сіз қалағаныңызша көптеген материал жібере аласыз.