Сайыс

Жасөспірімдер мен жастарға арналған АИТВ стигмасын төмендетуге септігін тигізетін контент жасау байқауы

 

  • Сіз АИТВ туралы естідіңіз бе?
  • Сіз АИТВ-қа тестілеуден қашанда өттіңіз бе?
  • Сіз АИТВ-мен өмір сүретін біреуді білесіз бе?
  • Сіз АИТВ-ге байланысты стигма не екенін білесіз бе?

Жасөспірімдер мен жастар арасында АИТВ жұқтыру деңгейі артып келеді, алайда АИТВ-на тестілеуден өту әлі де кеңінен таралмаған. Тестілеудегі негізгі кедергілердің бірі – вирусқа байланыста  стигма.

Қазақстандағы жасөспірімдер мен жастар арасындағы байқауға қосылыңыз!

     JasSpark жобасын ұсынамыз. АИТВ стигмасын азайтуға және АИТВ-қа тестілеуді арттыруға көмектесетін контент құру үшін бірегей тәжірибесін, таланты мен көзқарастарын қолдануға дайын жасөспірімдер мен жастарды байқауға қатысуға шақырамыз.

  • Байқаудың мақсаты – АИТВ-на қатысты стигманы азайту және тестілеудің артықшылықтары туралы контент жинау.
  • Байқауға 13 пен 29 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар қатыса алады.
  • Байқауға қазақ немесе орыс тіліндегі суреттер, бейне, аудио немесе мәтінді ұсына аласыз.
  • Жұмыстарды қазылар алқасы бағалайды.
  • Финалистер сыйлықтар және Колумбия университетінен қатысу сертификаттарын алады.
  • Жұмыстар 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұсынылуы тиіс
  • Ең үздік шығармашылық жұмыстар ғылыми зерттеуге қатысады. Кейін финалға шыққандардың жұмыстары онлайн жарияланады.
АИТВ-қа байланысты стигма дегеніміз не?
АИТВ-қа байланысты стигма – АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға деген теріс және алдын ала көзқарас (стереотиптер, алалаушылық, мифтер). Бұндай стигма сонымен қатар тестілеу деңгейін де төмендетеді. Мысалы, адам тестілеудің нәтижесі оң болып шықса, туыстары мен достары одан бас тартады, оны жаман немесе лас адам деп санайды және оқу орнынан немесе жұмысынан айырылып қалуы мүмкін деп қорқып, тестілеуден бас тартуы мүмкін.

1. БАЙҚАУҒА КІМ ҚАТЫСА АЛАДЫ?
  • 13 пен 29 жас аралығындағы екі жас санатының бірінде: 13-тен 19-ға дейін және 20-дан 29-ға дейін барлық ниет білдірушілер.
  • Бір адамнан немесе достар тобынан өтініш беруге болады.
  • Бір немесе бірнеше өтінім беруге болады.
2. ӨТІНІМ ФОРМАТЫ мен ТАЛАПТАР
3. СОГЛАСИЕ
4. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР және ЖАРИЯЛАНУЫ
5. ӨТІНІМДЕРДІ ҚАРАСТЫРУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
6. ЖҮЛДЕЛЕР
7. ХРОНОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕРЗІМДЕР

Барлық өтінімдерді 2022 жылдың 1 сәуіріне шығыс-қазақстан уақытымен сағат 23:59 дейін жүктеуге болады..

БАЙҚАУҒА ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ АЯҚТАЛДЫ!

8. БАЙҚАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮКТЕУ

БАЙҚАУҒА ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ АЯҚТАЛДЫ!

Байқауға қатысты барлық сұрақтар бойынша «Контактілер» бөліміне өтіңіз.