АИТВ-ға өзін-өзі тексеру
Осы пішінді оқығаннан кейін, сынаққа тапсырыс беруге оралыңыз!
АИТВ-ға өзін-өзі тексеру жинағын алуға тапсырыс берместен бұрын, осытестке тапсырыс беру шарттарын, сондай-ақ ықтимал нәтижелер бойынша ұсыныстарды қарап шығуыңызды өтінеміз.
!!! Сіз тестке тапсырыс бергенде, алған нәтижеңізге қарай біздің Сізге жедел кеңес беруіміз үшін, ол туралы бізге хабарлауыңызды күтеміз (тест нәтижесін суретке түсіріп, өзінізге ыңғайлы болатындай бізге жіберуінізді сұраймыз).
Егер Сізде АИТВ жұқтыру қаупі орын алған болса (мысалы, мүшеқапсыз жыныстық қатынас), онда тәуекел сәтінен бастап 72 сағат ішінде — жақын жердегі ЖИТС орталығында (Басенов к-сі 2, 4-корпус, 13-кабинет, жұмыс күндері сағат 9- дан 15-ке дейін, жұма күні сағат 13-ке дейін, түскі ас 13-тен 14-ке дейін), дәрігердің кеңесінен және тестілеуден кейін АИТВ-ның даму қаупін төмендетуге арналған препараттарды алуға болады |
Біздің жобада Сіз OraQuick ADVANCE HIV ½ экспресс-тестінің — төртінші буын тестінің көмегімен АИТВ-ға өзін-өзі тексеруден өту мүмкіндігіне ие бола аласыз, аталған тест қызыл иек айналасындағы сұйықтық құрамында болуы ықтимал АИТВ-ға қарсы денелерге әрекет көрсетеді (бұл ретте АИТВ сілекей арқылы берілмейтінін түсіну керек).
Егер АИТВ ағзаға енген болса, онда вирусқа қарсы денелер бірден емес, 3 ай ішінде пайда болады. Мұндай кезең «терезе кезеңі»деп аталады. Rез келген АИТВ сынақтары АИТВ-ға қарсы денелерді бірден емес, біраз уақыттан кейін ғана анықталады.
АИТВ-ға өзін-өзі тексерудің ықтимал нәтижелері
Келесілерді есте тұтқан маңызды:
1) АИТВ ағзада болған күннің өзінде де, сирек жағдайларда нәтиже теріс болып шығуы мүмкін
2) Сондай-ақ, кейбір жағдайларда ағзада вирус болмаса да, нәтиже оң болып шығуы мүмкін
3) Тест алдын-ала нобайлық тест болып табылады, нақты диагнозды Сіз «терезе кезеңі»аяқталғаннан кейін ЖИТС орталығында тамырдан қан тапсыру арқылы аласыз.
Тест оң нәтиже берген жағдайда не істеу керек?
Біздің ассистентімізбен хабарласыңыз да, ары қарайғы қадамдар мен әрекеттер туралы кез келген сұрақтарыңызды қойыңыз. Біздің ассистент, қажет болған жағдайда, Сізбен және\немесе Сіздің ата-анаңызбен жұмыс істеу үшін психологтан кеңес алу мүмкіндігін ұсынады.
Егер Сіздің жасыңыз18-ден кіші болса:
1) ағзаңызда АИТВ вирусының бар-жоғын дәл анықтау үшін, Сізге жақын жердегі ЖИТС орталығында тамырдан қан тапсыру қажет болады. Бұл тегін, қауіпсіз және құпия.
2) алайда, кәмелетке толмаған тұлғалар АИТВ-ға тест өтуді ата-аналарының/ қамқоршыларының қатысуымен және келісімімен жүргізуі қажет.
3) ата-аналарға айту қиын болуы мүмкін екенін біз түсінеміз және тест тапсырғанға дейін Сіз бен Сіздің ата-анаңызға дәл қазір тегін және құпия қолдау мен психологиялық көмек көрсетуге дайынбыз. Бізге жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз, біз көмектесеміз:
- Психолог Сіз үшін қолайлы уақытта жеке кабинетте жеке кездесулер өткізеді. Психологпен әңгіменің мазмұны медициналық құпия болып табылады және ешкімге жария етілмейді.
- Сондай-ақ, біз талдау тапсыру мақсатында, Сізді ЖИТС орталығына ертіп баруға дайынбыз. Бізге жазып немесе қоңырау шалсаңыз, біз күні мен уақытын келісеміз.
1) Егер ЖИТС орталығындағы қан талдауы оң нәтиже көрсеткен болса, онда терапияны қабылдауды бастау үшін, ата-анаңыздың (анаңыздың немесе әкеңіздің) келісімін алу қажет болады. Біздің кеңесші-психолог ата-аналармен сөйлесуге көмектеседі, ал ЖИТС орталығының сенімді дәрігері кеңес береді және барлық сұрақтарға жауап береді.
2) егер нәтиже оң болса, терапия қабылдауды бастау не себепті маңызды?
- Мүмкіндігінше тезірек терапия қабылдауды бастау. Терапия вирустың иммунитет жасушаларын жоюға жол бермейді, дегенмен ол АИТВ-ны ағзадан толық шығарып тастай алмайды.
- Терапияны дұрыс қабылдаған АИТВ-мен ауыратын адам анықталмайтын вирустық жүктемеге ие болады, толыққанды өмір сүреді, АИТВ-ны басқа адамдарға жұқтырмайды және АИТВ-сыз сау балалары болуы мүмкін.
Егер Сіздің жасыңыз 18-ден үлкен болса:
1) Ағзада вирустың бар-жоғын дәл анықтау үшін, Сізге жақын жердегі ЖИТС орталығында тамырдан қан тапсыру қажет болады.
2) Бұл Қазақстан Республикасының азаматтары үшін тегін, қауіпсіз және құпия, сондықтан дәрігерге өзіңіздің жеке куәлігіңізді көрсету қажет.
3) Дәрігер кеңес береді және барлық сұрақтарыңызға жауап береді
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Сіз ешкімге нәтижелеріңіз бен оң мәртебеңіз туралы хабарламасаңыз болады: ата-анаңызға/қамқоршыңызға, достарыңызға, жұмысыңызға, серіктестеріңізге. Дегенмен, терапия қабылдауды мүмкіндігінше жедел бастау, денсаулықты бақылау және ұдайы мүшеқап пайдалану маңызды.
5) Жақындарыңызға қалай айту керек? Біз Сізге қолдау мен психологиялық көмек көрсетеміз.
6) Егер нәтиже оң болса, терапия қабылдауды бастау не себепті маңызды? АИТВ иммунитет жасушаларын жояды және иммунитет, әдетте, өзі жеңетін ауруларды еңсере алмағандықтан (герпес, пневмония, саңырауқұлақтар, ісіктер және т.б.), біраз уақыттан кейін ағза осы аурулардан қорғаныссыз қалады. Терапия вирустың иммунитет жасушаларын жоюға жол бермейді, дегенмен ол АИТВ-ны ағзадан толық шығарып тастай алмайды. Терапия қабылдайтын және анықталмайтын вирустық жүктемеге ие болған АИТВ-мен ауыратын адам, толыққанды өмір сүреді, АИТВ-ны басқа адамдарға жұқтыра алмайды, тіпті АИТВ-сыз сау балалары болады.
Есіңізге саламыз! Біздің ассистентімізбен хабарласып, ары қарайғы қадамдар мен әрекеттер туралы кез келген сұрақтарыңызды қоя аласыз. Біздің ассистентіміз Сізбен және\немесе Сіздің ата-анаңызбен жұмыс істеу үшін психологтан кеңес алу мүмкіндігін ұсынады. |
Осы пішінді оқығаннан кейін, сынаққа тапсырыс беруге оралыңыз!